Дауыл салдарын тездетіп жою қажет - В.Божко

АТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 17 мамыр күні Медеу шатқалында болған дауыл салдарын жою жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқаны алаңдатады. Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен кеңес барысында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты.

Дауыл салдарын тездетіп жою қажет  - В.Божко

Оның айтуынша қайта қалпына келтіру жұмыстарын тез арада жүргізген жөн. «Бірінші кезекте тазалануы керек, ағаштарды кесу, тарату деген келесі мәселе»,- деді ол. Министр сондай-ақ өрт қауіпсіздігіне сақтық шараларын күшейтуді ескертті. «Қазірден бастап өрттің алдын алу керек. Әсіресе адамның баруы қиын жерлерді қараған жөн. Қазір қызыл ағаш пен қарағай құрғап тұрғанда, өрттің шығуына бөтелкенің сынығы да жеткілікті. Бұл ретте біздің министрлік те орман және аң шаруашылығы комитетіне көмектесетін болады»,- деді министр.

Ол бұл бағытта оқиға болған күннен бастап жұмыс істеп жатқандарын атап өтті. «Қазселденқорғау» АҚ-ы мен Орман және аң шаруашылығы комитетіне, төтенше жағдайлар департаментіне арнайы тапсырма берілген. «Қазселденқорғау» АҚ-на өрт пен селдің алдын-алу үшін қосымша ұшу сағаттары берілді. Бұнымен қатар қысқа таман Алматы маңындағы өзендерге селден қорғаушы қосымша щиттерді қоюды шешеміз»,- деді В.Божко.