Дауыл туралы ескерту: Астанада секундына 23 метрге дейін қатты жел болмақ
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Қазгидромет дауыл туралы ескерту таратты: 25-26 наурыз күндері Астана қаласында секундына 23 метрге дейін қатты жел болады деп күтілуде.
Таратылған ақпаратта айтылғандай, жұма және сенбі күндері Астана қаласында, сонымен қатар Ақмола облысында батыстан соққан жел секундына 9-14 метрге дейін, fk екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетпек.