Дауыл тұтас қаланы бүліншілікке ұшыратты

АСТАНА. Шілденің 20-сы. КАЗИНФОРМ - Пәкістанның теңіз жағалауындағы Карачи қаласында 32 жылдан бері болған қатты дауылдың салдарынан ондаған адам қаза тапты,

Дауыл тұтас қаланы бүліншілікке ұшыратты

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қала билігі жоғалғандарды іздеуде және мүрделерді табу үшін қала маһаллаларын тексеруде. Қазіргі сәтте Карачи қалалық департаменті 32 адамның қаза тапқанын хабарлады. Құрбандар саны арта түсуде.

Бүкіл қала бүліншілікке ұшырады. Электр жарығы жоқ. Нөсер кеңселерді суға батырды. Ауызсу жетіспейді, барлық дүкендер жабылған.