Дауылдан кейін жетім қалған күйкентайдың балапандары Өскемен зообағына орналастырылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Дауылдан ұясы қираған күйкентайдың төрт балапаны Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтар музей-қорығы Сол жақ жағалаудағы кешен зообағына әкелінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Құстар Бұқтырма су қоймасының жағалауында мекендеген. Қатты желдің екпіні сұңқарлардың ұясын қиратып, жерге аударып жіберген. Балапандар қорғансыз қалып, адамдар көмекке келмегенде, жергілікті мысықтардың жемтігіне айналар еді. Олар құстарды алып, Өскемендегі зообаққа алып барған.
«Құстарды ағаш үйшіктері бар кең торға орналастырдық», - дейді зообақтың зоологтары. Сондай-ақ, мұндағылар қарапайым күйкентайдың ұсақ сұңқарлар тұқымдасына жататынын айтты.
Балапандар ақ түсті болып туады. Олардың тұмсығы мен тырнақтарының түсі де сондай түсте болады. Тек, жеті күн өткеннен кейін олардың түсі сұрланып, ал тырнақтары - қара түске енеді. Анасы бір апта бойы самғап, балапандарын өзі қоректендіреді, кейін бұл процеске әкесі қосылады. Апта сайын балапандар өздерінің салмағының үштен біріне тең азықты жейді. Күйкентайдың балапандары тез өсіп, бір айдың ішінде ұясынан ұшып шығады. Алайда, зообаққа келген балапандар әзірге ұша алмайды. Кішкентай сұңқар бәрін аңғарғыш, қолайсыз жағдайға да бейімделіп, адамдарға тез үйреніп кетеді.