ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ: 22, 23 және 24 қаңтар күндері республиканың 7 аймағында бұрқасын, қатты жел болады деп күтілуде
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - 22, 23 және 24 қаңтар күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының көптеген бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақастан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын жел тұрады, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді деп күтілуде.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.