Дауыс берген Қазақстан жастарында үміт басым болды – америкалық байқаушы
«Біз 4 сайлау учаскесі қалай жабылғанын көрдік. Біз еркін, әділ сайлауға байқаушы болдық. Мұны халықаралық және қазақстандық тәуелсіз байқаушылар да растады. Жергілікті байқаушылардың орташа жасы 35-тен кіші. Сенбі күнінде біз кандидаттардың өкілдерімен кездесіп, «Процес әділ ұйымдастырылып жатыр ма?» деген сұрақ қойдық. Бәрі сенімді түрде «иә» деп жауап берді», - деді АҚШ байқаушысы.
Сондай-ақ, ол дауыс берушілермен кері байланыс орнату арқылы жалпы жағдайға қаныққандарын айтты.
«Жас сайлаушылармен, егде жастағы сайлаушылармен сұхбаттасып, халықтың, әсіресе жастардың, үміті басым екенін көрдік. Мен қазір жастарға басымдық беріп айтқым келеді. Яғни, 35-тен жас адамдар туралы айтып отырмын. Олар тұрақтылық, қауіпсіздік және тәуелсіздік деген ұғымды өздігінен болатын игілік деп қабылдамайды. Меніңше, қаңтардың қайғылы оқиғасы осыны жақсы көрсеткен сияқты. Жалпы өңірдегі жағдайды ескерсек, мұның бәрі түсінікті. Кеше олар өз дауыстарын үмітке берді. Бұл сайлау қорытындысымен де үндеседі. Өйкені, бұл – үмітке берілген дауыс, Президент Қ.Тоқаевтың өз уәдесін орындай алады және демократиялық реформаларды жалғастырады деген үмітке берілген дауыс. Біз кеше демократия жолындағы, демократияға жол алған шешімтал қадам жасалды деп есептейміз. Менің әріптестерім осыған келіседі деп ойлаймын», - деді Дэниелл Витт.