Дауыс беру кезінде Головкин-Альварес жекпе-жегі жанкүйерлер ең асыға күткен кездесу екені анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - The Ring - бокс туралы беделді журнал сайты 2016 жылғы жанкүйерлер ең асыға күткен айқасты айқындау бойынша сауалнама жариялады, деп жазады Sports.kz.

Дауыс беру кезінде Головкин-Альварес жекпе-жегі жанкүйерлер ең асыға күткен кездесу екені анықталды

Нұсқалардың ішінде - Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің айқасы қазіргі сәтте 61,2% (3500 дауыс) дауыс жинап, көш бастап тұр.

The Ring сайтында сауалнамаға дауыс беруге болады.