Дауыс санау кезінде бос бюллетень есепке алынбайды – Жанна Асанова

«Санау кезінде алдымен сайлаушылардың өтініші бойынша үйге барған тасымалданатын жәшіктер ашылады. Одан кейін референдум учаскелеріндегі үлкен жәшіктер ашылады, онда бюллетеньдердің саны анықталады. Біз бюллетеньдерді «иә» және «жоқ» деген жазу бойынша сұрыптаймыз. Егер сайлаушының қайсысын таңдағаны түсініксіз болса, онда ол жарамсыз деп танылады. Бұл - үшінші санат. «Референдум туралы» заңда бір де бір нұсқа таңдалмаған кезде қаралатын төртінші санат бар. Бұл бюллетеньдер жарамды деп саналады, бірақ ол дауыс санау кезінде есепке алынбайды», - деді аумақтық референдум комиссиясының төрағасы.
Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласында халықтың 29,82 пайызы өз дауысын берді.
Айта кетейік, Алматыда жалпы халықтық референдумда дауыс беру 574 учаскеде жүріп жатыр.
Мегаполисте 1,1 млн астам адам дауыс беруге құқылы.