Дауысымды беру үшін сайлауды күн санап күттім – 77 жастағы әжей
Бүгін сағат 7.00-де Семей аумағында 149 сайлау учаскесі өз есігін ашты. Учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары атап өткендей, қала тұрғындары таңертең өз таңдауын жасау үшін белсенді түрде келуде.
Дауыс берушілердің алдыңғы қатарында қоғам қайраткерлері, өнер және мәдениет саласының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары және белсенді қала тұрғындары бар.
«Сайлауға өз дауысымды беруге келдім. Халқымыз үшін, тыныштық үшін, ұрпақтарымыздың амандығы үшін таңдауымды жасадым. Жер бетінде ешқандай соғыс болмасын, сайланған президентіміздің әр қадамы құтты болып, елімізге бақыт әкелсін! Көңіл-күйім өте жақсы. Өз дауысымды беру үшін сайлаудың басталуын күн санап күттім», - дейді 77 жастағы Айтжан Түкішқызы.
Айта кетейік, Семейде 232 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.