Давид Лория: Тең есеп - ойынның әділетті нәтижесі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының капитаны Давид Лория ұлттық команданың жанкүйерлеріне алғысын айтып, Армениямен матчта тең есептің әділетті болғанын айтты, деп жазады prosports.kz.
«Бүгін салқынға қарамастан бізді қолдауға келген жанкүйерлерге алғыс айтқымыз келеді. Меніңше, тең есеп - ойынның әділетті нәтижесі», - деді голкипер Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.