Давос форумында Түрік премьері мен Израиль президенті сөзге келіп қалды

ДАВОС. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат - Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум мәжілісінде Түркия премьер-министрі Режеп Ердоған мен Израиль президенті Шимон Перестің арасында қызу және эмоциялық әңгіме орын алды,
None
None
деп хабарлайды Associated Press агенттігі. Оқиға жақында Газа секторында аяқталған қақтығыстағы Израильдің ұстанымын қорғап 25 минут бойы сөз сөйлеген Шимон Перестің баяндамасынан кейін орын алған. Израиль президентінің сөзінен кейін Түркия премьері жауап сөз алып, бірақ оның уақытын сессия төрағасы 1 минутпен шектейді. «Жиналған қауымның осы бір баяндамаға қол соққанын өте күйінетін факті деп санаймын. Ол соғыста көп адам қаза тапты», деп бастаған Т.Ердоғанның сөзін сессия төрағасы бөліп, жарыссөзге уақыт жоқ екенін, қатысушылардың кешкі асқа барулары керек екенін айтады. «Рахмет. Менің сөзім осымен аяқталады. Давосқа енді келмеймін», деген түрік премьері, мәжіліс залын тастап шығып кетеді. Форумға қатысқан журналистер, әдетте өте сабырлы және салмақты кісі болып табылатын түрік премьерінің бұл әрекеті Израильдің Газа секторындағы операциясының төңірегінде қалыптасқан жағдайдың күрделі эмоциялық ахуалын көрсетсе керек деп отыр.Естеріңізге сала кетейік, Израильдің Газа секторына жасаған әскери операциясы барысында, Адам құқығын қорғаудың палестиналық орталығының мәліметтері бойынша, 1,3 мыңдай адам қаза тапқан, олардың жартысынан астам бейбіт халық. Ал Израиль тарапынан 13 адам мерт болған, олардың үшеуі ? бейбіт адам.
Соңғы жаңалықтар