Давоста Бүкіләлемдік экономикалық форум өтеді

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Осы жылғы 30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Давоста (Швейцария) Бүкіләлемдік экономикалық форум өтеді деп хабарлады www.cntv.ru сайты.

Давоста Бүкіләлемдік экономикалық форум өтеді

1971 жылы швейцариялық профессор Клаус Шваб үкіметтік емес ұйым ретінде Бүкіләлемдік экономикалық форумның негізін қалаған болатын. Ол қазір де форум құрылған кезден бастап оның президенті болып келеді.

Жыл сайын кездесуге саяси көшбасшылар, бизнестің жетекші басшылары, көрнекті ойшылдар және журналистер шақырылады. Онда экономикадағы, қоршаған ортаны қорғауда әлемдік өткір проблемалар талқыланады. Өткен жылғы форум еуроаймақтағы дағдарысты талқылаған болатын. Биылғы форумның күн тәртібіне «Орнықты серпін» тақырыбы шығарылып отыр.