Давоста Бүкіләлемдік экономикалық форумның 44-ші сессиясы ашылады
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Давос қаласында Бүкіләлемдік экономикалық форумның 44-сессиясы ашылады.
Оған қатысушылар билік, қоғам және бизнес үшін әлемдік қайта құрулардың салдарын талқылайды. Алқалы жиынға 40-тан астам елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады.
Форумның маңызды шаралары 22-26 қаңтар аралығында өтеді, деп хабарлайды Утро.ру.