Давоста ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі тау-кен, энергетика салаларында жұмыс істейтін компаниялардың басшыларымен кездесті

ДАВОС. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ – Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев бірқатар компаниялардың басшыларымен кездесті. Келіссөздер барысында баламалы энергетиканы, тау-кен саласын дамыту мәселелері талқыланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мысалы Сауат Мыңбаев «Rio Tinto» ірі тау-кен компаниясының басшысы Пол Скиннермен, Дүниежүзілік экономикалық форумның энергетика мәселелері жөніндегі департаментінің директоры К. Фремен, «Тоталь» (Франция) компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тиерри Десмарестпен кездесті.Біздің елдің алдағы уақытта Киото хаттамасын ратификациялайтынына және жандандырылатын энергия көздері туралы заң қабылдайтынына орай жел энергетикасы саласындағы әлемдегі ірі «Vestas» компаниясының президенті Питер Бернтпен болған кездесу айрықша маңызға ие болды. Сонымен қатар, министр «АрселорМиттал» компаниясының төрағасы және атқарушы директоры Лакшми Митталмен оның бастамасы бойынша кездесу өткізді.
Соңғы жаңалықтар