Дайын үйлер жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасы арқылы берілуі мүмкін - Б.Сағынтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дайын үйлер жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасы арқылы берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
None
None

«Қазіргі уақытта барлығын да ең бірінші кезекте тұрғын үй құрылысы мәселесі алаңдатуда. Пәтерлер қалай бөлінеді, қандай мерзімге, сатып алсаң қанша, жалға алсаң қанша болады, қалалар бойынша қанша қаржы бөлінеді деген мәселелерді білгілері келеді. Қазірдің өзінде күн сайын әкімдер хабарласып, әрбір облыстың қанша қаржы алатындығын сұрауда», - деді отырысы барысында бірінші вице-премьер.

Оның атап өтуінше, бұл мәселелерге орай үкімет Қазақстанның құрылысшылары қауымдастығымен бірлесіп жұмыс істеуде.

«Біз оларға дайын үйлері бар болса, онда осы бағдарлама бойынша сатуды ұсынамыз. Әрине, бағасы сәйкес келетін болса. Біз Алматы мен Астанаға шаршы метріне 185 мың теңге, ал облыстарға шамамен шаршы метріне 150 мың теңге болатын баға ұсынып отырмыз. Бұған қоса, біз инфрақұрылымын аяқтаймыз ғой. Егер, бұл ұсыныс олардың көңілінен шығатын болса, онда біз дайын үйлерді сатып алуға келісеміз. Мұндай жағдайда келер жылдың соңына дейін күтпей, келесі жылдың басынан бұл пәтерлерді тарата бастаймыз», - деді Б.Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар