Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр - Димаш Құдайберген Алматыдағы концерті туралы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген күзде Алматыда өтетін концертіне қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр - Димаш Құдайберген Алматыдағы концерті туралы

«Жаңа туындымның оркестрлік жазбасы үшін ұшып келдім. Латынамерикалық достарымның өтініші бойынша испан тілінде музыка жаздым. Концертке дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, бір айдан соң, 23 қыркүйекте Алматыда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты концерті өтеді.

Сондай-ақ, Димаштың Алматыдағы концертіне әлемнің 36 елінен тыңдармандар билет сатып алғаны туралы хабарлаған едік.

Айта кетсек, Индонезияда Димаш Құдайберген мен Қазақстан мәдениетіне арналған көрме өткен еді.