ДCҰ мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.