ДДСҰ: Әлемде COVID-19-ға шалдыққандар саны 9 пайызға азайды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – 2022 жылғы 15-21 тамыз аралығында бүкіл әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 9%-ға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
None

Сонымен қатар, соңғы жеті күнде 5,3 миллионнан астам жаңа жағдай тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 15%-ға азайды.

«Осылайша, бүкіл әлемде 14 мыңнан астам адам қайтыс болды. 2022 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша бүкіл әлемде коронавирустың 593 миллион расталған жағдайы тіркелді және 6,4 миллион адам қайтыс болды» деп атап өтті ДДСҰ-дан.


Соңғы жаңалықтар