ДДСҰ балаларға темекі шегетін эпизоды бар фильмдерді көрсетуді шектеуді ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейіпкерлер темекі шегетін эпизоды бар фильмдер жастарды жаман әдетке бой алдыруға ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай тұжырымға келді. Бұл туралы Женевада дүйсенбі жарияланған баяндамада айтылды.
«Темекі өнімдерін көрсететін фильмдер әлем бойынша миллиондаған жастарды темекі шегуге итермеледі», - делінген зерттеуде. ДДСҰ инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің директоры Дуглас Беттчер «Фильмде темекі шегу темекі өнімдерін жылжытуға қуатты нысан болатынын» мәлімдеді. Темекіні жарнамалауға қатаң шектеулер енгізілуде. «Фильмдер миллиондаған жасөспірімге темекі шегуге ықпал ететін соңғы арналардың бірі болып қалуда», - деді ол. Беттчер ДДСҰ темекіге қарсы күрес негізгі конвенциясы 180 қатысушы елді «темекі жарнамасын жасауға, жылжытуға және демеуші болуға тыйым салуды міндеттейтінін» еске салды.
Баяндамада АҚШ-та жүргізілген зерттеулерге сәйкес жасөспірімдердің 37 пайызы темекі шегуді экраннан көріп, үйренгенін айтқан. 2014 жылы киноленталардың 44 пайызында осындай көріністер орын алса, оның 36 пайызы жасөспірімдерге арналған фильм. АҚШ медициналық органдарының бағалауынша, жастар арасында темекі шегушілерді 20 пайызға қысқартып, фильмдерде темекі шегу тек ересектерге арналған ретінде көрсетілсе, келешекте 1 млн адам өлім-жітімінің алдын алуға болады. АҚШ-тан басқа темекі шегу көріністерімен кино Германия, Нидерланды, Польша, Исландия, Италия, Ұлыбритания, Аргентина, Мексика сияқты елдерде түсірілген, делінген баяндамада. Исландия мен Ирландияда темекі шегу 10 фильмнің тоғызында кездескен.
ТАСС хабарлағандай, ДДСҰ мемлекетке темекі шегілетін көріністермен лентаны ересектерге арналған фильмдер тізіміне енгізуді, ал картина көрсетілмес бұрын темекінің зияны жайлы көрермендерге ескерту жасауды ұсынады. Бұдан басқа, кез келген темекіні жарнамалайтын видеоөнім мемлекеттік субсидиядан қағылуы тиіс, деп санайды ұйым.
ФОТО © ИТАР-ТАСС/Александр Рюмин