ДДСҰ: Батыс Африкада Эбола вирусынан көз жұмғандар саны 10,6 мың адамнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 сәуірде ДДСҰ Батыс Африкада Эбола вирусынан көз жұмғандар саны 31 адамға, дертті жұқтырғандардың саны 75 адамға ұлғайғанын тіркеді. Дүйсенбі күні Женевада жарияланған мәліметтер бұған дәлел, деп жазады ТАСС.
Жалпы эпидемия басталғалы Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде 10 604 адам қаза тапты, 25 591 адам аталған вирусты жұқтырды.
Либерияда індет салдарынан көз жұмғандардың саны 4048 адамға, оны жұқтырғандардың қатары 9862 адамға жетті. Сьерра-Леонеде 3854 адам қаза тапса, 12 мың 188 адам осы дертке шалдыққан, бұл басқа елдермен салыстырғанда ең көбі. Ал Гвинеяда вирусты 3541 адам жұқтырып, 2342-сі ажал құшты. Дерт Мали, Нигерия, Сенегал, Испания, Ұлыбритания және АҚШ-та да тіркелген. Алайда бұл елдерде Эбола жұқтырғандардың саны он адамнан аспайды. Нигерияда 20 адам Эбола дертіне шалдығып, сегіз адам қаза тапты.