ДДСҰ бір тәулікте коронавирусты жұқтыруға қатысты рекордты тіркеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы 24 сағатта 300 мыңға жуық коронавирус жұқтыру дерегін тіркеді. Бұл пандемия басталғаннан бергі бір тәулік бойынша рекорд көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dw.com-ге сілтеме жасап.
None
None

ДДСҰ рекорд көрсеткіш туралы 15 тамызда сенбі күні кешке мәлім етті.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, вирустың жұғуына қатысты көрсеткіштің көп бөлігі статистикаға енбей қалады. Өйткені вирусты анықтайтын тест жасамайтын мемлекеттер де бар.

ДДСҰ мәліметі бойынша, 24 сағат ішінде 294 мың адам коронавирус жұқтырған. Бұл 31 шілдедегі алдыңғы рекордтан 2 мыңға артық. Жұқтыру дерегі көп тіркелген елдер қатарында АҚШ, Бразилия, Үндістан бар.

Індет басталғаннан бері 21 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 755 мыңнан астам адам өлген.


Соңғы жаңалықтар