ДДСҰ: Босану кезіндегі әйелдердің өлім-жітімі 50 пайызға қысқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне қарағанда, 1990 жылдан бері босану немесе жүктілік кезіндегі аурулардың асқынуынан әйелдердің өлім-жітімі 50 пайызға қысқарды, деп жазады ВВС.

ДДСҰ: Босану кезіндегі әйелдердің өлім-жітімі 50 пайызға қысқарды

Алайда, ДДСҰ деректерінде әлемде әр сағат сайын осы себептерден шамамен 33 әйел көз жұматыны келтірілген. Негізінен олар жүктілік кезінде емделетін ауру белгілерінен ажал құшуда.

Атап айтқанда, осы күнге дейін бай және кедей елдердің арасындағы әйелдер өлім-жітімінің үлкен алшақтығы сақталуда. Бірақта кейбір дамыған елдерде, мысалы, АҚШ-та әйелдер өлім-жітімі семіздіктен, баланы кеш көтеру және қолдан ұрықтандыру әдістерін пайдалану салдарынан соңғы жылдары жоғарылап келе жатыр екен.