ДДСҰ: COVID-19 жұқтырған немесе одан қайтыс болғандар саны жоғары деңгейде қалып отыр
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – COVID-19 бойынша әлемдегі ахуал өткен аптада тұрақтанды. Бұған дейін екі ай бойы жұқтыру жағдай ұдайы артып отырды. Алайда ауырғандар мен өлім саны көрсеткіші әлі де жоғары. 4,5 миллион жаңа жұқтыру жағдайы мен 68 мың өлім тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Гебрейесус Женевада өткен брифинг барысында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДДСҰ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Брифинг Twitter-де трансляцияланды. Гебрейесустің айтуынша, жағдай түрлі өңірлерде, елдерде және провинцияларда әртүрлі, Кейбір өңірлер мен елдерде бұрынғыша жұқтыру жағдайы мен өлім санының күрт өсуі сақталған, алайда басқа елдерде бұл көрсеткіштердің төмендеуі байқалады.
Бұл вирус таралып жатқан кезде ол жерлерге қауіп төндіреді.
ДДСҰ қауіпсіздік шараларын сақтап, коронавирус вакцинасын алуға шақырады.
«ДДСҰ коронавирустың пайда болуын анықтау бойынша жұмыс істеп жатыр» деп хабарланады.
Өткен жұма күні ДДСҰ әлемнің барлық ғалымдарын Жаңа патогендердің пайда болуы жөніндегі ғылыми-консультативтік топқа (SAGO) өтініш беруге ашық түрде шақырды.
SAGO құрамына SARS-CoV-2-нің пайда болуын зерттеудің келесі кезеңін қосатын жаңа патогендерді зерттеу бойынша сарапшылар кіреді. ДДСҰ барлық білікті мамандарды аталмыш топқа қосылуға шақырады.
Жақында «Жиырмалық тобы» пандемияға дайындық пен жауап беру үшін жаһандық қауымдастықты қаржыландыру бойынша жоғары деңгейдегі тәуелсіз топ құрды.
Өткен айда топ ұсыныстар жинақталған есеп жариялады.
Олар пандемияға дайындықты және оған жауап беруді тиімді жаһандық басқару қажеттілігін мойындайды.
Сонымен қатар эпидемия мен пандемияның алдын алу, оған дайындық, анықтау және тез жауап беру үшін жетілдірілген жүйелер мен құралдардың қажеттілігін, онымен қоса вакцина сияқты жаһандық дайындық пен жауап беру шараларын қаржыландыруды жақсарту керектігін мойындайды.
Ол келесі үш айдың пандемияға дайындық пен жауап беру шараларын енгізу үшін маңызды кезең болатынын мәлемдеді.