ДДСҰ: Эбола безгегінен 6 мыңға жуық адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ДДСҰ мәліметі бойынша, Эбола безгегінен көз жұмған адамдардың саны 5689-ға жетіп отыр, ал 15 935 адам жұқтырған.
None
None

Ауруды жұқтырған және қаза тапқандардың басым бөлігі бұрынғыдай Африканың үш елінде - Гвинея, Либерия мен Сьерра-Леоне жерлерінде болып отыр.

ДДСҰ Гвинеядағы жағдайды «тұрақты» деп бағалап отыр. Ал Либерияда «тұрақты немесе азаюда». Сондай-ақ мамандардың пікіріне қарағанда, Сьерра-Леонеде аурулардың саны әлі де артуы мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар