ДДСҰ: Эбола індетінің құрбандары саны 5177 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эбола вирусы салдарынан болған індет құрбандарының саны 5177 адамға жетті, 14 413 адам осы вирусті жұқтырған, деп хабарлады ТАСС.
Бұл мәліметтерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің баяндвамасында келтіріп отыр. Эбола індеті салдарынан ең көп зардап шеккен Батыс Африка елдерінде: Либерияда - 2812 адам, Сьерра-Леонеде - 1187 адам, Гвинеяда - 1166 адам ажал құшқан.