ДДСҰ: Эболаны жұқтырғандар саны апта соңына қарай 9 мыңға жетеді

АСТАНА.ҚазАқпарат - Өмірге қауіпті әрі емі жоқ Эбола безгегіне шалдыққан адамдар саны 3,5 мыңға жетті. Апта соңына қарай Эбола безгегін жұқтырғандар саны 9 мыңға жетеді. Бұл туралы РИА «Новости» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорының көмекшісі Брюс Эйлвардтың мәліметтеріне сүйене отырып хабарлады.

ДДСҰ: Эболаны жұқтырғандар саны апта соңына қарай 9 мыңға жетеді

«Дәл қазір бұл дертке 8914 адам шалдыққан. Апта соңына қарай ол 9000-нан асады», - деді Эйлвард.

Сонымен бірге, Reuters-тың хабарлауынша эпидемия Сьерра-Леоне, Гвинея мен Либерия аумағында жайылып тарауда.

Осыған дейін Сьерра-Леонеда 800 бітімгер сарбаздан тұратын батальонның Эбола безгегін жұқтырған деген қауіппен карантинге жабылған болатын.