ДДСҰ коронавирус штамдарын грек әріптерімен белгілейді

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус инфекциясы нұсқаларына арналған жаңа белгілерді ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

ДДСҰ коронавирус штамдарын грек әріптерімен белгілейді

Штамдар алғаш пайда болған елдердің стигматизациясын болдырмас үшін SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа нұсқалары грек алфавитіндегі әріптер бойынша аталады.

Сонымен британдық нұсқа «альфа», оңтүстікамерикалық нұсқа «бетта», бразилиялық нұсқа «гамма» деп аталады.

ДДСҰ сарапшысы Мария Ван Керкхов өзінің Twitter парақшасында атап өткендей, оңай айтылатын жаңа белгілер қазіргі ғылыми атауларды алмастырмайды.

Бірақ коронавирус нұсқаларын көпшілік алдында талқылауға көмектеседі.