ДДСҰ: Либерияда Эболамен күрес тиімсіз болуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша Эбола індеті Либерияда әлі де таралуда, деп жазады ВВС.

ДДСҰ: Либерияда Эболамен күрес тиімсіз болуда

Медицина қызметкерлерінің есептеулеріне қарағанда, алдағы үш аптада бұл елде аталған дертке шалдыққандар саны тағы да артуы мүмкін.

ДДСҰ-ның хабарлауынша, Африкада өршіп тұрған осы індет жайлы ескерту үшін қабылданған шаралар күткен нәтижелерді бермей отыр.

Африканың батысында, яғни Гвинеяда, Либерияда, Сьерра-Леоне мен Нигерияда биыл Эболадан кем дегенде 2,1 мың адам көз жұмды.

ДДСҰ деректері бойынша олардың арасында вирустан қаза болғандардың 79-ы медициналық қызметкерлер.