ДДСҰ маймыл шешегінің қаупін бағалау үшін төтенше комитет өкілдерінің басын қоспақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маймыл шешегі әлемнің 39 мемлекетінен анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сайтына сілтеме жасап.
ДДСҰ әлемде маймыл шешегінің тарау жағдайын талқылау мақсатында төтенше комитет өкілдерінің басын қоспақ.
ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус маймыл шешегінің тарау қарқыны алаңдатарлық жағдайда екенін айтты. Комитет мәжілісінде маймыл шешегі әлем тұрғындарына қауіп төндіріп тұр ма мәселенің жауабы табылады деген үміт бар.
Халықаралық ұйымның бас директорының сөзінше, ДДСҰ өкілдері маймыл шешегінен жаппай вакциналанудың қажеті жоқ екенін айтып отыр.
Жыл басынан бері әлемнің 39 мемлекетінде аталмыш дертті жұқтырғаны расталғандар саны 1,6 адамды құрап отыр, тағы 1,5 мың адам ауруды жұқтыруы мүмкін деген болжам бар.
Осыған дейін маймыл шешегін жұқтырғандар саны Еуропа мен Солтүстік Америкада 780-ге дейін ұлғайғаны айтылды.