08:21, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
ДДСҰ: өлімге әкеп соқтыратын Эбола індетін 20 мыңға жуық адам жұқтыруы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық GlaxoSmithKline фармацевтикалық компаниясы Батыс Африканы дендеген Эбола вирустық безгегі індетімен күресу үшін 10 мың мөлшер эксперименттік сарысу дайындап шығаруға әзір екендігін мәлім етті. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Корпорация өкілдерінің айтуынша, вакцина америкалық зертханамен бірлесіп әзірленді, дәріні толық көлемінде шығару келесі жылы жолға қойылмақ.
АҚШ-тың GlaxoSmithKline фармацевтикалық компаниясы қазір вакцинамен жұмыс жасауда.
Канадалық KTM-Ebola мен америкалық Zmapp - екі эксприменттік препараты әзір. Алайда дәрі тестілеуден өтуде. Сонымен бірге олар аз мөлшерде ғана шығарылды.
ДДСҰ бейсенбіде, конференцияда өлімге әкеп соқтыратын вирусты 20 мыңға жуық адам жұқтыруы мүмкін екендігін хабарлады.