ДДСҰ: Шылым жылына 7 млн адамның өмірін жалмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем бойынша жылына 7 млн астам адам шылымның зардабынан қайтыс болатындығын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС сайты жазды.

 ДДСҰ: Шылым жылына 7 млн адамның өмірін жалмайды

«Шылым адамдарды ең бірінші кедейлікке, еңбек өнімділігінің төмендеуіне, адамдардың сапасыз тағам тұтынуына және қоршаған ортаның ластануына алып келетін алғышарт, - деп мәлімдеді ДДСҰ-ның Бас директоры Маргарет Чен. 

31 мамыр - дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне дейін жарияланған баяндамада XX және XXI ғасырларда шылымнан көз жұмған адамдар санының 4 млн-ды құрағандығын, алайда қаза тапқандар саны 7 млн адамға өскендігін есептеген. Ұйымның болжамы бойынша, алдағы уақытта шылымның зардабынан қайтыс болғандар саны өсе береді және олардың саны осы ғасырда 1 млрд-ты құрайды, дегенді алға тартады халықаралық ұйым.