ДДСҰ: Таяу Шығыста MERS вирусының өрістеу қаупі арта түсуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы MERS (таяушығыстық тыныс жолдары синдромы) вирусының жайылу қаупі күшейгенін ескертеді. Сонымен бірге, ДДСҰ оның бүкіл әлемге таралу қаупі жайлы сөз жоқ екенін атап өткен, деп хабарлады РБК.

ДДСҰ: Таяу Шығыста MERS вирусының өрістеу қаупі арта түсуде

2012 жылы MERS вирусын жұқтырудың 500-ден астам оқиғасы тіркелген. 150-ден астам адам мерт болған - олардың көбі Сауд Арабиясының тұрғындары. Осы дертке шалдығу жағдайы Еуропа, Солтүстік Африка, Азия елдері мен АҚШ-та тіркелген.

Осыған дейін сарапшылар таяушығыстық індет түйеден жұғуы мүмкін деген тоқтамға келген болатын.