ДДСҰ ұзақ өмір сүруге қолайлы қаланы атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы испандық Гранада провинциясындағы Ланхарон қалашығын өмір ұзақтығын арттыру үшін әлемдегі ең қолайлы жердің бірі деп атады.

ДДСҰ ұзақ өмір сүруге қолайлы қаланы атады

Бірінші кезекте ол бұл жердің климатына, орналасқан жерінің биіктігіне және танымал ауыз суының сапасымен байланысты болып отыр.

Ланхаронның әрбір төртінші тұрғыны 80 жасты еңсерген екен, сондай-ақ олардың көбі 100-ден асқан қарттар. Қалашықтың барлық халқы 3600-ге жуық, яғни бұнда жасы 80-нен жоғары адамдар 900-ден асқан.

Муниципалдық билік ұзақ өмір сүрудің құпиясы таудағы қайнар бұлақтардан ағып жатқан суда жатқанын алға тартуда.

Ланхарон мэрі Эрик Эскобедоның айтуынша, осының құпиясы таулы суда ғана емес, сонымен қатар қалашықтағы жақсы көңіл-күйге де байланысты.

«Бұл жерде адамдар пайдалы тағамдармен тамақтанып, көп серуендейді және өмірге қуанышпен қарайды. Қарттар күн сайын өздерінің би кештеріне, тірі ағзалардың қартаюы процесін зерттейтін медицинаның арнайы дәрістеріне барады. Сонымен қатар ауаның тазалығы да ұзақ өмір сүруге ықпал етеді»,-деп нақтылап өтті қала басшысы.