ДДСҰ: Йеменде бір ай ішінде қаза тапқандар саны мың адамнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемендегі қақтығыс басталғаннан бері қаза тапқандар саны 1080 адам болды, ал 4352 адам жарақаттанған, деп хабарлайды шетелдік БАҚ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып.

ДДСҰ:  Йеменде бір ай ішінде қаза тапқандар саны мың адамнан асты

Ақпаратта көрсетілгендей, бұл сандар 19 наурыз бен 20 сәуір аралығын қамтып отыр. Қаза тапқандардың арасында әйелдер мен балалар да бар.