ДДСҰ: Йеменге шұғыл түрде гуманитарлық көмек жеткізетін жол ашу қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) шұғыл түрде Йеменге гуманитарлық жүк жеткізетін жол ашу қажеттігін айтты. ДДСҰ-ның Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламалар директоры Питер Саламаның бейсенбі күні Женевада айтқан сөзіне қарағанда, Йеменде осы уақытта 7 млн адам аш отыр. Егер осы кезде оларға жедел түрде азық-түлік пен қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілмейтін болса, адамдарды аман алып қалу мүмкін болмай қалады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

ДДСҰ: Йеменге шұғыл түрде гуманитарлық көмек жеткізетін жол ашу қажет

«ДДСҰ мен өзге де гуманитарлық ұйымдар жедел түрде Йеменге ешқандай қиындықтар мен кедергілерсіз жететін жолды қажет етіп отыр»-деді ол.

Халықаралық ұйым өкілінің сөзінше, бұл елді тырысқақ індетінің тарауы әлі де жалғасуда және осы елдің 7 млн тұрғыны аш отыр. Олардың 2 миллионға жуығы балалар, олар тамақтың аздығынан әбден азып-тозған.

«Егер біз қазір Йеменге азық-түлік пен медициналық материалдарды жеткізбейтін болсақ, бұл адамдарды аман алып қалу мүмкін болмай қалады»,-деді Салама.

ДДСҰ өзінің баспасөз-баянында сәрсенбі күні ұйым өкілдерінің теңіз арқылы 250 тонна медициналық материалдар мен анестезияға қарсы препараттарды және суды зарарсыздандыруға арналған дәрілерді қажетті жерге жеткізе алмағандығын айтқан. Ходейде портының қоршауда болуына байланысы жүк тиелген кеме Джибутиге жете алмаған.