ДДСҰ: Жыл сайын әлемде 800 мың астам өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары тіркеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын әлемде 800 мыңнан астам өзіне-өзі қол салу жағдайлары тіркеледі. Бұл туралы суицидтің алдын алу бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында хабарланды.

ДДСҰ: Жыл сайын әлемде 800 мың астам өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары тіркеледі

Статистика бойынша 15-тен 29 жас аралығындағы адамдар ішінде өзіне-өзі қол жұмсау өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Алайда суицидке әрекет жасауға көбінесе 70-тен асқан қарттар талпынады екен.

Атап айтқанда, ерлер әйелдерге қарағанда өздеріне үш есе жиі қол салады. Сонымен қатар суицидтің төрттен үш бөлігі табыс деңгейі төмен немесе кірісі орташа елдердің үлесінде.