ДДҰ басшысы Астанадағы жүгіру жарысына қатысты

ДДҰ
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі

 Астанада МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдық мерейтойына, Астана декларациясының 5 жылдық мерейтойына және ДДҰ-ның 75 жылдық мерейтойына арналған МСАК бойынша Жаһандық конференция өткізу шеңберінде Ботаникалық бақта «Сөзден іске/ Walk the talk/ От слов к делу» ұранымен қысқа қашықтыққа жүгіру дәстүрлі акциясы өтті, деп хабарлайды Kazinform Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі жарысқа қатысу үшін 800-ден астам адам тіркелді. Оның ішінде бірінші қатарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, елордалық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері, Астана медицина университетінің студенттері, әртүрлі спорт түрлерінен Олимпиада чемпиондары және белсенді өмір салтын ұстанатын, спортпен шұғылданатын қала тұрғындары бар.

Іс-шараны ашқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы әлемнің 80 елінен келген делегация қатысуымен өтетін МСАК жөніндегі жаһандық конференция сияқты маңызды оқиғалар қарсаңында ДДҰ кез келген елде саламатты өмір салтын ұстанудың ең жақсы көрінісі болған осындай денсаулық марафондарын өткізетінін атап өтті. 

ДДҰ
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі

Доктор Тедрос Гебрейесус жарысқа қатысушыларды да құттықтап, МСАК-тың адамдардың денсаулығын жақсартудағы ерекше рөлін атап өтті.

«2018 жылы біз осындай іс-шара өткіздік, Алматы декларациясының 40 жылдығын атап өттік және осы жерде мен осы саябақта сөз сөйледім, ағаштардың өскенін көргеніме өте қуаныштымын! Астана декларациясын қолдаудың, ілгерілетудің арқасында соңғы 5 жылда медициналық-санитариялық алғашқы көмек те өзінің дамып келеді. Бұл марафонның мақсаты – сөзден іске, барлығына денсаулық сақтау саласын ілгерілету, денсаулық сақтау қызметімен бәрін қамтамасыз ету», - деді доктор Гебрейесус Ботаникалық бақта жарыс басталар алдында сөйлеген сөзінде.

ДДҰ басшысы қазақстандықтарға жаман әдеттерден арылуға, алкоголь мен темекі шегуге қарсы тұруға, физикалық белсенді болуды ұсынды. 

ДДҰ
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі

«Бұл өмірдегі ең жақсы көретін нәрсе - медициналық оқу орындарының студенттерімен әңгімелесу, ал екіншісі – физикалық белсенділік. Бұл жаһандық конференцияның өте шабыттандыратын бастамасы», - деді ДДҰ Еуропалық офисінің директоры, доктор Ханс Клюге.

«Бірнеше апта бұрын сіздердің министрлеріңіз Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының шеңберінде маңызды сессиялардың бірін өткізді. Сіз өте жақсы әсер қалдырдыңыз, барлық делегациялар Сіздің көшбасшылық қабілеттеріңізді атап өтті»,-деп мойындады Мальта Премьер-Министрінің орынбасары және денсаулық сақтау министрі Кристофер Фирн (Сhristopher Fearne).

«Осы демалыс күндері менің елім Мальтада медициналық технологиялар бойынша дүниежүзілік конференция өтті. Кеше Астанаға ұшқанымда, менің жанымда Швециядан келген қыз ұшақта отырды. Ол да Мальтаға көпбейінді конференцияға ұшып келді. Ол жасанды жүректерді жасау үшін жұмыс істейді. Оның айтуынша, Астана – жасанды жүректері бар елорда. Доктор Тедрос пен Клюге айтқандай, егер сіздер физикалық белсенділікпен айналысатын болсаңыздар, сіздерге жасанды жүректер қажет емес, өз жүректеріңіз жеткілікті болады», - деді Мальта Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Іс-шараның құрметті қонағы ретінде белгілі спортшылар, бірнеше дүркін олимпиада жүлдегерлері, олардың ішінде бокстан әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мерей Ақшалов, таэквондодан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, әлем чемпионаттарының, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Арман Чилманов, екі дүркін Олимпиада және ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы, бірнеше дүркін әлем рекордшысы Илья Ильин, көркем гимнастикадан Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьева шақырылды. 

ДДҰ
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі

Сауықтыру акциясына қатысушылар үшін медициналық шатырлар орнатылып, жедел диагностикадан өтіп, қан қысымын өлшей алады.

Соңғы жаңалықтар