ДДҰ: Бір аптада 12 млн адам коронавирус жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ДДҰ коронавирусты өткен аптада бүкіл әлемде 12 миллионнан астам адам жұқтырғанын хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.

ДДҰ: Бір аптада 12 млн адам коронавирус жұқтырған

Ауру негізінен Азия елдерінде өсуде. Оңтүстік Корея мен Қытайда соңғы аптада ауру жұқтыру жағдайларының саны үштен бірге өсті. Қытай билігі 30-ға жуық аймақта « стелс-омикрон «

штамымен сырқаттанушылықтың рекордтық өршуі туралы хабарлады. Вирус жұқтырғандар ауқымды тестілеуден кейін анықталды. Ірі қалалар – Шанхай және Шеньян карантинге жабылды. Онда толық локдаун жарияланды.