ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы Астанада өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитеті 73-ші сессиясын Астана қаласында өткізеді. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған кесім жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын 2023 жылы 24-26 қазанда Астана қаласында ұйымдастыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», - делінген келісім құжатында.
Аталған келісімге ел Үкіметі атынан қол қою өкілеттігі Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа беріледі.
Құжат 4 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қойылған күннен күшіне енеді.