ДДҰ коронавирусқа қарсы Sinopharm компаниясының вакцинасын пайдалануға рұқсат берді

ЖЕНЕВА. Синьхуа-ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгін COVID-19-ға қарсы Sinopharm қытай фармацевтикалық компаниясы өндірген вакцинаны жедел пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

ДДҰ коронавирусқа қарсы Sinopharm компаниясының вакцинасын пайдалануға рұқсат берді

«Бүгін күндіз ДДҰ жедел пайдалануға болатын препараттар қатарына COVID-19-ға қарсы Sinopharm компаниясының вакцинасын қосты. Ол – ДДҰ қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын мақұлдаған алтыншы вакцина», - деп мәлімдеді баспасөз конференциясында ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.

«Бұл COVAX механизмі портфеліндегі вакцина тізімін кеңейтеді және елдерге ұлттық реттегіштердің вакцинаны жедел мақұлдауына сенімділік береді», - деді ол.