Декларацияланбаған валюта тәркіленді
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - 21 ақпан күні сағат 02.30 шамасында Ақтау қаласының халықаралық әуежайында «Ақтау-Баку» әуеқатынасының жолаушыларын кедендік бақылаудан өткізу кезінде Қазақстан Республикасының 1971 жылғы туған А. есімді азаматынан декларацияланбаған 41 мың АҚШ доллары мен 30 әзірбайжан манаты тәркіленді.
Маңғытау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 25 ақпан күні аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 209-бабы 1-тарауы «Экономикалық контрабанда» бойынша қылмыстық іс қозғалды.