Декларацияны қағазбен тапсыру мерзімі бүгін аяқталды, 15 қыркүйекке дейін онлайн қабылданады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті бүгін, яғни 17 шілдеде жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есебін қағаз түрінде тапсыру мерзімі аяқталатынын еске салады.

Бүгінгі таңда 1,5 млн астам жеке тұлға 250.00 нысанды «кіру» декларациясын ұсынды.

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды.

Бұл кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысан) алғаш рет мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады.

«Декларацияны уақытылы тапсырыңыз! Қағаз түрінде жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есебін тапсыру мерзімі 15 шілдеде, электронды түрде 15 қыркүйекте аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады»,- деп ескертті МКК.

Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайлары әртүрлі сервистерді пайдалана отырып, декларация ұсына алады («Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz), e-salyq Аzamat мобильді қосымшасы, eGov.kz порталы және egov mobile мобильді қосымшасы).

Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты жері бойынша, ал жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар орналасқан жері бойынша табыс етеді.


Соңғы жаңалықтар