Дельфиндер бір-бірімен араласқанда мәмілегерлік тәсілді ұстанады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дельфиндер  (Tursiops truncatus) бір-бірімен араласқанда мәмілегерлікті ұстанады, деп санайды испан және парагвай ғалымдары. 

Дельфиндер  бір-бірімен араласқанда мәмілегерлік  тәсілді ұстанады

Ғалымдар дельфиндердің бір-бірімен араласқандағы дыбысы - тілін  егжей-тегжейлі зерттеді.

Зерттеу Қара теңізде тіршілік ететін дельфиндердің бір-бірімен қатынасы, яғни  күрделі әлемнің жаңа қырын ашты. Бұған дейін ғалымдар оларды бір-бірімен ысқырық түрінде байланысады деп санады, олар дыбыс ырғағына назар аудармаған.

Команданың аға зерттеушісі Бруно Диастың айтуынша, олар  ырғақты дыбысты ұжыммен араласқанда шығарады.   Осылайша дельфиндер мәртебені нақтылаған кезде физикалық соқтығысуға жол бермей, біраз  энергияларын үнемдейді.