Дели-Алматы рейсінде тырысқаққа күдікті жолаушы анықталды: басқаларға жұғу қаупі бар ма

АСТАНА. KAZINFORM – Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana рейсінің бортында санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру барысында тырысқаққа күдікті жолаушы анықталды. Осы орайда күдіктінің тырысқақты басқа адамдарға жұқтыру қаупіне қатысты түсінік берілді.

Самолёт
Фото: Мақсат Шағирбаев/Kazinform

«Борт экипажының барлық құрамы (8 адам) инфекциялық стационарға жіберілді. Оның 4-і үй карантиніне, 4-і стационарға жатқызылды. Жолаушымен байланысқан адамдар арасында науқастар немесе тырысқақ тасымалдаушылары анықталған жоқ. Экипаждың барлық мүшесінің жағдайы қанағаттанарлық, денсаулықтарына шағым жоқ», - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы. 

Айта кетсек, бірер күн бұрын «Дели-Алматы» әуе рейсінде тырысқаққа күдікті жолаушы анықталғаны туралы хабарлаған едік. 

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қырғыз Республикасының азаматы Делиден Қырғызстанға Алматы қаласы арқылы бармақ болған.