Дели әуежайында Қазақстан азаматы жалған әуе билетімен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дели әуежайында Қазақстан азаматы жалған әуе билетімен ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге келіп түскен ақпаратқа сәйкес Дели қаласының әуежайында Қазақстанның бір азаматын әуе билетін қолдан жасағаны үшін жергілікті полиция ұстады. Ол 10 мың рупий көлемінде айыппұл төлегеннен кейін босатылады. Қазір ол Дели қаласында», - ресми өкіл.

Оның айтуынша, Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің консулы ұсталған азаматқа қолдан келген көмекті көрсетуде.

«Төлқұжаты жергілікті полицияның қолында. Айыппұлды төлегеннен кейін қайтарып береді», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар