Делиде 2 және 5 жасар екі кішкене қызды зорлап кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индия астанасы Делиде 2 және 5 жасар екі кішкене қызды зорлаған азғындар іздестіріліп жатыр, деп жазады Би-би-си.
None
None

Бірінші қыз екі жарым жаста болған. Оны жұма күні белгісіз екі ер адам ұрлап әкеткен. Кейінірек зорлық көрген бүлдіршінді үйіне таяу жердегі паркке тастап кеткен. Полицияның мәліметінше, оны тауып алған кезде бала көп қан жоғалтқаны мәлім болған.

Екінші қызды қаланың шығыс бөлігінде 5 еркек зорлаған. Оны алдап көршісінің үйіне кіргізіп алғаны белгілі болды.

Екі оқиғаның бір-бірімен байланысы жоқ. Қос бүлдіршін де ауруханаға түскен.

Делидің бас министрі Арвинд Кеджривал ел билігі мен полицияға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр деп кінә тақты. Дели полициясы федералдық үкіметке бағынады.

Соңғы жаңалықтар