Делиде екі мыңнан астам адам Наурыз мерекесін тойлады
БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Екі мыңнан астам Нью-Дели тұрғындары мен қонақтары Наурыз мерекесін тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мерекелік шараны Үндістандағы елшіліктер ұйымдастырды, оның қатарында Қазақстан елшілігі де бар. Оны әншілер, биі және саз ансамбльдері өнер көрсететін дәстүрлі жәрмеңке ретінде өткізді, сондай-ақ ұйымдастырушы елдердің ұлттық тағамдары қойылған дастархандар жайылды.
Үндістанда Наурыз үшінші мәрте кеңінен аталып өтуде. Биылғы көктем мерекесін атап өтуге келген қала тұрғындары мен қонақтарының саны бұрынғыдан көп болды. Келушілердің дені Наурыз үнді халқына етене таныс әрі жақын болып бара жатқанын атап өтті.
Мәдени бағдарлама аясында Қазақстан Global Air туристік компаниясы қолдауымен елшілік келуін ұйымдастырған музыкалық-би ансамблі өнер көрсетті.
Дели тұрғындары қазақ халқының сазы, әні және билерін жақсы қабылдады. Көмей сазын орындап, шаңқобызда ойнаған Анар Қасымова, қобыз шерткен Дариға Қадырова, сондай-ақ халық биін билеген алматылық A'DIVA би ұжымының өнері көпшіліктің көңілінен шықты.
Қонақтар қазақстандық дипломаттардың әзірлеген ұлттық ас мәзірі наурыз көже, қуырдақ, бауырсақ, ірімшік, жент, құрттан ауыз тиді, қазақ шеберлерінің қолынан шыққан кәдесый, картина және ұлттық киімдерді тамашалады.