Делидегі қалтаға түсетін ұрылардың көпшілігі - әйелдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылғы қаңтар-қараша айларында Дели метросында ұсталған қалтаға түсетін ұрылардың басым бөлігі әйелдер болды, деп хабарлады Би-би-си жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Делидегі қалтаға түсетін ұрылардың көпшілігі - әйелдер

Метродағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін осы қызметтің мәліметтеріне қарағанда, бұл кезеңде ұрлыққа күдікті 293 әйел және 22 ер адам ғана ұсталды.

Полиция ұрланған 1,4 млн. доллар ақшаны, сондай-ақ көптеген зергерлік бұйымдарды, жүздеген ноутбукті, фотоаппаратты, сағаттарды және ұялы телефондарды тапты.

Өткен жылы үндістандық полиция метрода 466 қалтаға түсетін ұрыларды ұстаған болатын, олардың 421-і әйелдер болып шықты.