Delta Air ұшақтарының жолаушыларға арналған тағамынан ине табылды
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Delta Air лайнерлерінің жолаушыларға арналған тағамынан ине табылды. Қазір америкалық әуе компаниясы Федералдық тергеу бюросымен бірлесіп иненің сэндвичке қалай түскенін анықтауда.
РИА Новости мәлім еткендей, әуекомпаниясының бірден төрт ұшағынан бизнес-санатты жолаушыларға арналған сэндвичтерден қарапайым тігін инелері табылды. Олардың екеуі - Амстердамнан Атлантқа, біреуі - Сиэтлге, және біреуі Миннеаполисқа ұшқан екен. Тағамнан бірінші ине табылғаннан кейін әуе компаниясының басшылығы дереу басқа лайнерлерді де құлақтандырады. Қауіпті бутербродтардан тек бір жолаушы зардап шеккен - оның өзі болар-болмас жарақат алып, ауруханаға жатудан бас тартқан.
Күркетауық етінен дайындалып, ішінен ине табылған сэндвичтердің өндірушісі - нидерландылық Gate Gourmet компаниясы болып шықты. Қазіргі таңда компания да болған оқиғаға байланысты үлкен ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.