Delta Airlines компаниясының Боинг-757 ұшағының бортында түтін шықты

АСТАНА. Қазақпарат - Delta Airlines әуекомпаниясына тиесілі Boeing-757 ұшағы әуеде түтіндеді, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Delta Airlines компаниясының Боинг-757 ұшағының бортында түтін шықты

Delta Airlines әуекомпаниясына тиесілі Boeing-757 жолаушылар ұшағы Жапонияға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Жапонияның Нарита әуежайынан Сайпан аралына бағыт алған ұшақтың бортында түтін шыққан.

Елдің көлік және туризм министрлігінің мәліметінше, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген. Қазіргі уақытта мамандар апатты жағдайға не себеп болғанын анықтап жатыр.